"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері пен ирландиялық арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегаста өтіп, үлкен шу тудырды. Бұл жекпе-жектің қызыққа толы болатыны алдын ала белгілі болған еді. Өйткені спортшылар әр кездескен сайын бір-біріне тиісіп жүрді, олардан фанаттары да қалыс қалмады. Жанкүйерлері кездесу алдында төбелес шығарса, спортшылардың өздері жекпе-жектен кейін де жұдырық жұмсады. UFC чемпионы титулы үшін жекпе-жекте Макгрегор жеңілді, бірақ қарсыласының фанатына тап беріп, жаппай төбелеске себеп болған Нурмагомедов шаршы алаңнан белбеусіз кетті.