Отбасымен қауышу үшін Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өткен қандасымыз Сайрагүл Сауытбай биыл мамыр айында ұсталды. Белгілі болғандай, ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келмек болады. Бірақ Сайрагүлдің айтуынша, ол Қытайда құпия саналатын "саяси үйрену орталықтарында" жұмыс істеп, "мемлекет құпиясын әшкерелемеу" туралы қолхат берген. Сондықтан Қытай оны отанына жібермеу үшін төлқұжатын алып қояды. Ал күйеуі мен балалары Қазақстан азаматтығын алып, елге оралады.

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты сот Алматы облысындағы Жаркент қаласында өтті. Бір айға жуық созылған соттың үкімі 1 тамызда шықты. Панфилов аудандық соты қандасымызды алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Сондай-ақ, Сайрагүл Сауытбай Қытайға берілмейді. Ендігі уақытта оған босқын мәртебесін беріп, кейін азаматтық алу жағы шешілуі тиіс. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқыңыз.

Сайрагүл Сауытбайдың соты - Sputnik Қазақстан
Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0