Мысыр мешітіндегі теракт

24 қарашада Мысырдағы мешіттердің бірінде теракт болды. Содырлар жұма намазы кезінде бомбаны жарып жіберген, қашып құтылғысы келген адамдарды сырттағы екінші топ атып тастаған. Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандар саны 305 адамға жетті, олардың арасында 27 бала бар. Тағы 128 адам жарақат алды.