Президент жолдауы-2018

Қазақстан президенті 5 қазанда Ақордада Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жариялады. Жолдаудың тақырыбы - "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру". Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Мемлекет басшысының бұған дейінгі жолдауы 2018 жылы 10 қаңтарда шыққан еді. Онда Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.