Баян Есентаева бұрынғы күйеуін кешіруге дайын емес. Сұхбаттан кадрлар

86
(Жаңартылды 17:28 26.09.2016)
Белгілі қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің соққыға жығылуы мен жарақаттануынан кейін оқиғаның мән-жайын айтып берді. Эксклюзивті сұхбаттың кадрларын назарларыңызға ұсынамыз.
Баян Есентаева үш айдан кейін, өзі уәде бергендей, 10 маусымда басынан өткен оқиғаны егжей-тегжейлі айтып берді. Күйеуі оны ұрып-соғып қана қоймай, бірнеше рет пышақтаған.

Тележүргізушісі Динара Сәтжанмен продюсердің ашық сұхбаты Youtube-та пайда болды.

Сол оқиғалардың салдары Баянның бет жүзінде көрініп тұр. Әйелдің өзі мойынғандай, бетінің сол жағының барлық бұлшық еті жансызданып қалған, екінші деңгейдегі зақым бар, сондай-ақ көз көруі нашарлаған.

Қазіргі уақытта оның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев қамауда. Қылмыстық іс сотқа жолданды, алдын ала сот тыңдауы 14 қыркүйекке белгіленген
86
Тақырып:
Баян Есентаеваға жасалған қастандық (10)