(0:55 / 5.91Mb / )

Астанадағы "Жеңіс туын" ұстаған Рақымжан Қошқарбаев ескерткіші

207
Астанада аты аңызға айналған қазақ жауынгері – Ұлы Отан соғысының жеңімпазы, Рейхстагқа ту тіккендердің бірі Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші ашылды.

Қазанның суық күніне қарамастан, ескерткіштің ашылу салтанатына біршама жұрт жиналды: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Рақымжан Қошқарбаевтың туыстары, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметкерлер. 

Халық ескерткіштің ашылуын екі жылдай күткен болатын. Уақыттың басым бөлігі дайындық үдерісіне кетті: ескерткіш қойылатын жерді таңдау, мемлекеттік органдармен келісу, байқау жариялау, әділқазылар жұмысы. 

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, нысанның құрылысына өте қысқа мерзім – 30 күн ғана кеткен. Ескерткіш жобасы байқауына Қазақстанның түпкір-түпкірінен 20-дан астам суретшілер қатысты. Әділқазылар бір жобаны таңдап, инстанциялармен келісіп, байқау нәтижесін жариялады. 

Ескерткіш авторы Қарағандыдағы Абай ескерткішін және басқа да бір қатар монументтерді жасаған қазақстандық скульптор Асқар Нартов болды.  

Ескерткішті  Астана қаласындағы Б.Момышұлы мен Р. Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орнатты. Ескерткіш салмағы 60 тонналық тұғыр мен Рақымжан Қошқарбаевтың салмағы 3 тонналық қола мүсінінен тұрады, биіктігі – 12 метр. Ескерткіштің маңайына барлық жағдайы жасалынған, серуенге арналған сквер салынған. 


207
Тақырып:
9 мамыр – Жеңіс күні (12)
Загрузка...