(0:54 / 4.78Mb / )

Ямалда Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған жер

6
Жұма күні кешке Ямал-Ненец автономды округының Уренгой аулында "Скол" әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Борта болған 22 жолаушы және экипаж мүшелері ішінде үш адам ғана тірі қалды.

Ресей авиациясы ЯНАО-дағы Ми-8 тікұшағы апатына себеп болуы мүмкін жағдайларды атап көрсетті.

"Бастапқы деректер бойынша, апат қолайсыз ауа райы салдарынан болуы мүмкін. Мұндай ауа райы жағдайында ұшуға шешім қабылдаған экипаж әрекеті мұқият тексерілінеді", — дейді ведомствода.

Апат болған жерде қаза тапқан он тоғыз адамның денесі табылған деп хабарлайды Ресей ТЖМ ЯНАО бойынша бас басқармасының сайтында. 

Апаттан тірі қалған үш адамның халі ауыр, ауруханаға жатқызылған.  


6
Тақырып бойынша
Ресейде МИ-8 апатқа ұшырап, екі қазақстандық қаза тапты
СІМ: МИ-8 апатында қаза болған қазақстандықтардың денесі елге жеткізіледі