(1:37 / 10.34Mb / )

"Менің президентім емес" АҚШ-та сайлаудағы Трамптың жеңісіне қарсылық шаралары өтті

29
(Жаңартылды 10:59 11.11.2016)
АҚШ-тың әр қалаларында ел президентінің сайлауында Дональд Трапмтың жеңіске жетуіне қарсылық білдіру ретінде мыңдаған адам көшеге шықты. Бейнеден американдықтардың қалай жалауды өртеп, полициямен қақтығыс жасағандарын көріңіздер.

Сайланған президент Дональд Трампқа қарсылық білдіру шаралары Американың әр қаласында өтті. 

Нью-Йоркте демонстранттар Манхеттен орталығында көшелерге шығып, ол жерден сайланған президент тұратын Trump Tower көпқабатты үйге қарай бет алды. Тағы бірнеше жүз адам орталық саябақта жиналды. 

Белсенділер "Менің президентім емес!" деп дауыстап айтты. Полицейлер кем дегенде 30 адамды ұстады. 

Қарсылықтар сондай-ақ Чикаго, Филадельфия және Бостонда өтті. USA Today газеті атап өткендей, қарсылық шеруіне танымал тұлғалар да қатысқан, олардың арасында әншілер Шер, Мадонна және актер Марк Руффало бар. 


29