Видео

MannequinChallenge: елордалық театр актерлері мен көрермендері бір сәтке қатып қалды

Жазылу
MannequinChallenge әлемдік флешмобына М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры қатысты. Ұйымдастырушылар флешмобты Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады.

Флешмоб күні актерлер құрамы мен театрдың бүкіл қызметтері бірнеше секундқа қатып қалып, шығармашылық ұжымның жұмыс үдерісін тоқтатты. Көрермендер залына қарапайым адамдар келіп, сүйікті театрларын қолдап, шараға қатысты.

"Бүкіл үдеріс өте қызық әрі қиын болды. Біз әр түрлі өмірді көрсеттік. Көрермендерге ұсынылатын дүниені және сахнадан тысқары болатын жайттарды. Эстафетаны тағы бір театрға берейік деп ойлағанбыз, бірақ кімге беретінімізді әлі ақылдасып ойланамыз", — дейді театр актері Максим Ященко.

Жаңалықтар
0