Видео

Пәкістандағы ұшақ апаты: ТЖ орнында түсірілген кадрлар

Жазылу
Ұшақ бортында 47 жолаушы болған, бастапқы мәлімет бойынша, апаттан ешкім аман қалған жоқ.

Бортында 47 адамы бар ұшақ Пәкістандағы Хавелиан қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 42 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 

ATR 42 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Пәкістанда жолаушылар ұшағы құлады

Пәкістан азаматтық авиация қызметі өкілінің мәліметінше, апаттан ешкім аман қалған жоқ. Құтқарушылар қаза тапқан 36 адамның мәйітін алып шықты. Бұл туралы Geo TV телеарнасы Пәкістан әскери баспасөз қыметіне сілтеме жасап хабарлады. Бұдан бұрын 21 адамның денесі табылғандығы мәлімделген.

Ұлттық төтенше жағдайлар қызметі іздеу шараларын жүргізу үшін тікұшақтар жіберді. Лайнер Читрал қаласынан жергілікті уақытпен 15:30-да (16:30) ұшып шығып, сағат 16:40-та Исламабадқа қонуға тиіс болған. 

Жаңалықтар
0