Видео

Қазақ-қырғыз шекарасындағы сегіз километрлік кептелістің видеосы жарияланды

Жазылу
Қырғыз жерінде сегіз километрге созылған көліктер легін дрон арқылы түсіріп алған

Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдемесі - Sputnik Қазақстан
Видео
Сағынтаев Қырғызстанмен болған келіссөзден кейін мәлімдеме жасады
Қазақ-қырғыз шекарасындағы күрделі ахуал 10 қазанда басталды. Бірқатар шекара бекеттерінде үлкен кезек пен көлік кептелістері байқалды. Бұдан бөлек, Қазақстан қырғыз елінен келетін азық-түлік өнімдерін ветеринарлық бақылауды күшейтіп, бес сүт зауытының өнімін импорттауға тыйым салды. Сондай-ақ зиянкестер табылған жеміс-жидек партиясын ел аумағына кіргізбей қойды. 

18 қазанда Қырғызстанның премьер-министрі Сапар Исаков бастаған үлкен делегация Астанаға келіп, үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездесті. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірқатар мәселе бойынша келісімге келді. 


Жаңалықтар
0