Видео

Бішкекте жас жігіт көзін байлап, Қазақстан туымен көшеге шықты

Жазылу
Қазақстанмен арадағы достықты нығайтықысы келген қырғызстандықтың әрекеті қандай нәтиже берді?

"Халықтар достығын қолдайтын болсаң, мені құшақта" деп жазылған плакатпен жас жігіт Бішкек қаласының көшесіне шықты.

"Біз халықтар достығын қолдаймыз", — деп жазды immal1k есімді қолданушы Instagram желісіне видеоны жүктеп.

Әлеуметтік желінің өзге де қолданушылары флешмобты қолдап, Алматы мен Астана қалаларында да өткізуді ұсынды.

Жаңалықтар
0