Видео

Астанадағы қоғамдық тәртіпті қорғау – полициямен бірге түнгі патруль

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшілері жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне қосылып, "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактиакалық іс-шарасына қатысты. Түнгі патруль кезінде қандай қызық әрі қауіпті жайттардың болғанын видеодан тамашалаңыздар

Sputnik Қазақстан тілшілері елорда тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер тонаушыларды құрықтауға бағытталған "Ұстау" жоспарына қатысты.

Бүлінген көлік - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада мас адам бірнеше көлікті бүлдірді

Сонымен бірге, бір ай бұрын мас күйінде көлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған жол тәртібін бұзушы ұсталды.

Патруль кезінде елорда көшелерінде әртүрлі тәртіп бұзушылықтар анықталған – шаң басқан фардан бастап, тиісті емес жерде бірінен-бірі озу жайтына дейін тіркелді.  

Бір тәулік ішінде Астанада 23 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан үш адам зардап шекті, біреуі ауруханаға жатқызылып, екеуі қаза тапқан.

Жаңалықтар
0