Видео

Дағыстанда ер адам шіркеуге келушілерге оқ жаудырған – видео

Жазылу
Дағыстандағы Кизляр қаласында 22 жастағы Халил Халилов Прощеное Воскресенье күнінде православ ғибадатхана келушілерге оқ жаудырып, салдарынан бес әйел қаза тапты

Төрт адам ауруханаға жатқызылған: екі әйел және Ресей гвардиясының екі жауынгері. Әйелдердің хәлі өте ауыр, ал полицейлер орташа деңгейде жарақат алған, травматология бөлімінде жатыр, деп жазады РИА Новости.

Reuters агенттігінің мәліметінше, "Ислам мемлекеті" (Қазақстан, Ресей және т.б. елдерде тыйым салынған) террорлық ұйымы жаппай қырғын үшін жауапкершілікті мойынына алды.

Шіркеуге келушілерге оқ атқан жігітті Ресей гвардиясы қызметкерлері оқиға орнында атып өлтірген. 

"Аңшы мылтығын ұстаған ер адам ғибадатханаға кірмек болғанда, оны көрген адамдар атыс шығаратынын түсініп, есікті жауып алды. Сол кезде ол сыртта қалған әйелдерді ата бастады", — дейді оқиға куәгерлерінің бірі.

Жаңалықтар
0