Қазақстан тумасы Петербургте көшеде бойжеткенге пышақ салды видео

699
(Жаңартылды 11:18 15.03.2018)
Ресей Федерациясы Тергеу комитеті Санкт-Петербургте ер адамның көшеде кетіп бара жатқан қызға пышақ салған сәті түсірілген видеоны жариялады

Тергеу органдары РФ ҚК 105-бабы 1-тармағы, 30-бабы 3-тармағы бойынша (адамға қастандық жасау) қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, 2018 жылы 8 ақпанда күндіз Восстание көшесіндегі 1-ші үй маңында 21 жастағы жігіт 1999 жылы туған таныс бойжеткеннің мойын тұсына пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, көрсетілген медициналық жәрдемнен кейін әлі есін жинаған жоқ", — деп мәлімет берді ТК.

Анықталғандай, қылмысты Қазақстан Республикасында 1996 жылы 2 желтоқсанда туған Махметов Александр Юрьевич жасаған.

Қазір бойжеткенге шабуыл жасаған қылмыскер іздестіріліп жатыр.

699
Кілт сөздер:
қылмыс, пышақтап тастады, Қазақстан тумасы, бойжеткен, Санкт-Петербург, Ресей
Загрузка...