Видео

Өскеменде ойыншық тапаншамен 8 мың теңге тонағандар видеоға түсіп қалды

Жазылу
Өскеменде полицейлер азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады: қылмыскерлер қорқыту үшін ойыншық тапаншаны пайдаланған

Оқиға 20 наурыз күні кешке болған. Полицияға сатушы қоңырау шалып, медициналық бетперде және қара көзілдірік киген екі адам тапаншаға ұқсас затпен қорқытқанын айтқан. Олар дүкеннен түскен табысты алып кеткен, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

Күдіктілер бірнеше күннен кейін ұсталды, олар 25 және 30 жастағы жігіттер болып шықты. Олардың бірі бұған дейін қылмыстық жауапкершлікке тартылған екен.  

Тергеу барысында тапанша ойыншық екені, қаскүнемдер 8 мың теңгені алып кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда "Қарақшылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   


Жаңалықтар
0