Америкалықтар АҚШ-тың Сириядағы әскери саясатына қарсылық білдіріп жатыр

111
(Жаңартылды 08:56 17.04.2018)
Америка Сирияға зымыран соққыларын жасағаннан кейін АҚШ қалаларында соғысқа қарсы демонстрациялар өтті. Белсенділер "АҚШ елде де, шетелде де соғысты тоқтат", "АҚШ, Сириядан тарт қолыңды" және "Олар Ирак жайлы өтірік айтты, Ливия жайлы өтірік айтты, енді Сирия жайлы да өтірік айтып жатыр" деп жазылған плакаттарды ұстап шықты.

АҚШ, Британия мен Франция 14 сәуір күні таңертең Сирияның үкіметтік нысандарына зымыран соққыларын жасады, олардың пікірінше бұл нысандарда химиялық қару жасалып жатыр. Олар Сирияға 100-ден аса зымыран ұшырды, оның көбісін сириялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері атып құлатқан. Ресейлік күштер араласқан жоқ, алайда барлығын қадағалап отырды.   

 Ресей президенті Владимир Путин зымыран соққыларын егемен елге қарсы агрессия деп атады. 


111