Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео

270
(Жаңартылды 09:34 18.04.2018)
EasyJet британиялық әуе компаниясының Гатвик – Тенерифе бағдарлы ұшағында үш қыз жанжалдасып қалды. Ашуға булыққан жолаушыларға экипаж мүшелері араша түскен

The Sun басылымына оқиға куәгерлерінің бірі хабарлағандай, төбелес күтпеген жерден шығыпты, қыздардың үшеуі де маc болған екен.

"Құрбылар екені көрініп тұр, бірге құшақтасып, арақ ішіп отырды. Бір уақытта айғайлай бастады. Өзара дауласып, бірін-бірі балағаттады. Қара шашты қыз сары шашты қызға тап беріп, шашын жұлды. Бәріміз шошып кеттік" — дейді жолаушылардың бірі Энджи Диллоуэй.

Төбелес салдарынан қыздардың бірінің мұрны сынды.

Тенерифе әуежайында жанжалқой жолаушыларды полиция алып кеткен.

270
Кілт сөздер:
жанжал, жолаушылар, ұшақ