Видео

Қанат Ислам министр Мұхамедиұлы бастаған флешмобқа қатысты

Жазылу
Кәсіпқой боксшы әрі әлем чемпионы Қанат Ислам Street Workout KZ челленджін жалғастырды

Street Workout KZ акциясын мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастаған болатын.

Флешмоб туралы естіген Қанат Ислам да қазақстандықтарға салауатты өмір салтын насихаттауға бел буыпты.

"Челленджді жалғастыру үшін келесі кезекті кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке және аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Ардақ Назаровқа беремін", — деді спортшы видеоүндеуінде.

Флешмобқа олимпиада чемпиондары Бахтияр Артаев, Серік Сәпиев, Олимпиада жүлдегері Арман Шілманов, Азия ойындары-2014 чемпионы Ілияс Сүлейменов, сондай-ақ танымал қазақ әртісі Қайрат Нұртас қатысып үлгерген.

Жаңалықтар
0