(1:02 / 8.25Mb / )

Тарихи кездесу: табиғи қорықтан панданың қонжығы табылды

52
(Жаңартылды 08:56 06.06.2018)
Қытайдың табиғатты қорғау ұйымы мүшелері Сычуань провинциясы "Вулонг" ұлттық табиғи қорығынан жабайы панда қонжығын көріп таңғалды

Қонжық шамамен жеті айлық, салмағы 20 келідей. Сарапшылар мұны тарихи кездесу деп санайды.


52
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, қонжық, панда, Қытай

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады

170
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Келли Крафт америкалықтар Сирияға көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар жұмсап жатқанда, Мәскеу мен Тегеранның "қолы қанға боялған" деп мәлімдеді

Осылайша, ол Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензяның АҚШ Сирия мұнай кен орындарын пайдаланып жатыр деген сынына жауап берді. Ресей Сирия мұнайының заңсыз саудасы мәселесін бірнеше рет көтерді, осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран бірнеше рет дәлел келтірген еді.

170

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді

95
Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ Германиядағы әскерилердің санын азайтатынын мәлімдеді

Қорғаныс министрінің айтуынша, жақын арада Германиядан шамамен 12 000 әскер шығарылады. Олардың 6 мыңнан астамы елге оралады, ал қалғаны Еуропаның басқа елдеріне, атап айтқанда Италия мен Бельгияға жіберіледі. Германиядан әскерді шығару туралы жоспарды АҚШ президенті Дональд Трамп осы жылдың маусым айында айтты. Ол өзінің бұл шешімін НАТО-ның бұйрығына қарамастан Берлиннің қорғаныс шығындарын көбейтуге құлықсыздығымен түсіндірді.

95
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылауға қатысушылар

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

209
(Жаңартылды 17:59 08.08.2020)
Түркияның Қазақстандағы елшісі сыртқы істер министрлігіне шақырылып, түрік тарапының шешімі туралы ел үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Анкара қаласында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожамен кездесіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздің қазіргі жағдайы туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

"Келіссөздер нәтижесінде Түркия денсаулық сақтау министрі Қожа аталған мәселені өз еліндегі коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, бұл мәселе жуық арада өз шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді", – делінген хабарламада.
Казахстан и Турция обсудили вопросы возобновления авиасообщения
© Photo : Пресс-служба МИД Казахстана
Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келетіні талқыланды

Сонымен қатар, 7 тамызда Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлұмен Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерді тоқтата тұру мәселесі бойынша телефон арқылы сөйлесті.

Оқи отырыңыз: "Өкінішпен естідім": Түркия президенті Назарбаевқа жеделхат жолдады

Түркия сыртқы істер министрі бұл шешім бауырлас халықтардың екіжақты қарым-қатынасына байланысты емес екеніне және тұрақты рейстерді қайта бастау туралы шешім мемлекеттік комиссияның келесі отырысында қаралатынына сендірді.

Оған қоса, сыртқы істер министрлігіне Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи шақырылып, түрік тарапының осындай шешімдері туралы Қазақстан үкіметін алдын ала хабардар ету өтініші жеткізілді.

209
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия Республикасы, әуе қатынасы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы жанданды
Ресей мен Грузия арасында тікелей әуе қатынасы тоқтатылды
Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады – Ресей елшілігі
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы жанданады