Назарбаев: Си Цзиньпин мені аға деп атады

1564
(Жаңартылды 12:15 15.06.2018)
Қазақстанның мемлекет басшысы Қытайдың Циндао қаласындағы баспасөз брифингінде тілшілерге Си Цзиньпинмен кездесуі туралы айтты

Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты аға деп атаған.

"Төраға Си Цзиньпинмен өзара сенімді қарым-қатынас орнатқанбыз. Қазақстан мен маған қаншама көп жылы сөздер айтты. Тіпті жалпы келіссөздер кезінде мені аға деп атады. Осындай ел басшысының ағасы болу қалай екен?", — дейді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға 6 маусымда мемлекеттік сапармен барып, үш күн болды. Іссапар қорытындысы бойынша өткен брифингте Елбасы атап өткендей, Си Цзиньпин Абай Құнанбаевтың 37-ші қара сөзінен үзінді айтыпты.

1564
Кілт сөздер:
халықаралық қатынастар, саясат, мемлекеттік сапар, Си Цзиньпин, Нұрсұлтан Назарбаев, ҚХР, Қазақстан
Загрузка...