(1:06 / 9.43Mb / )

Германиялық футбол жанкүйері Ресейге 1936 жылы шыққан трактормен келді

622
(Жаңартылды 16:03 18.06.2018)
Неміс зейнеткері Губерт Вирт Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына 1936 жылы шыққан трактормен келді. Оған үлкен сыра бөшкесі түрінде тіркеме жалғанған, оның ішінде жолға қажеттінің бәрі бар

Трактор сағатына 30 километрді әрең жүріп өтеді. 70 жастағы жанкүйер 2 500 километр жолды басып өткен. Ол туған қаласынан 15 мамыр күні шығып, әлем чемпионаты басталар шақта Ресейге кіріп келді.

Футболдан әлем чемпионаты 14 маусым күні Ресейдің 11 қаласында басталды. Төртжылдықтың басты футбол додасы 15 шілдеге дейін созылады.    


622
Тақырып:
Футболдан әлем чемпионаты - 2018 (15)