Видео

"Өлімге дайын болдық". Ұшақта түсірілген видео таралып жатыр

Жазылу
Украиналық Bravo әуе компаниясының жолаушылары ұшақтың Сикорский атындағы Киев әуежайына қатты келіп қонған сәтін видеоға түсіріп алды

Оқиға бейсенбі күні кешке болды. Анталия — Киев 4406 рейсі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Видео авторының айтуынша, ұшақтағылардың барлығы "өлімге дайын болған".  

"Біз бұлтқа кіріп кеттік. Әйеліме: "қазір біз апатты жағдайда қонамыз немесе басқа аэродромға жібереді" дедім. Қону кезінде ұшақ қатты тербеліп кетті. Шамамен екі минуттан кейін өрт сөндірушілер келді ", — деді ТСН арнасына куәгерлердің бірі.

Бортта 169 жолаушы болған, олардың ешқайсы зардап шекпеді.  


Жаңалықтар
0