Видео

Денис Тенге шабуыл жасалған жерден видео жарияланды

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматыда танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге шабуыл жасалған жерде болып қайтты. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған қаскөйлердің қолынан көз жұмған еді.

Алматының ішкі істер департаментінен мәлімдегендей, трагедия 19 шілдеде күндіз қала орталығында болған. Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. 

Денис Тен – Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды. Мәнерлеп сырғанаушы 25 жасында өмірден өтті.

Денис Тенді өлтіріп кеткен жерден фото

Тен өмірінің соңғы күнінде немен айналысқан?

Жаңалықтар
0