Видео

Денис Теннің мұз айдынындағы соңғы шоуы – видео

Жазылу
Денис Тен қатысқан соңғы шоу 9 маусымда елордалық "Барыс Аренада" өткен еді. "Денис және оның достары" деп аталған ғаламат шоу қазақстандық спортшының есеп бойынша төртінші шоуы болды

Шара Астананың 20 жылдық мерейтойына орайластырылды. Қазақстанның елордасын мерейтоймен құттықтап, тамаша қойылым көрсетуге Ресей, Франция, АҚШ, Канада, Қытай мен Жапониядан мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жұлдыздары келді.

Еске сала кетсек, бүгін танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы пышақ жарақатынан қаза тапты. Бас прокуратура тергеуді өз бақылауына алды.

Денис Теннің әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы

Дәрігерлер Денистің өміріне неге араша түсе алмады?

Жаңалықтар
0