(0:32 / 4.33Mb / )

Денис Тенді өлтірді деген күдікті оқиғаның қалай болғанын көрсетті - видео

4247
(Жаңартылды 11:14 21.07.2018)
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыны өлтірді деген күдіктіні қылмыс болған жерге алып келді. Sputnik тілшісі тергеу барысын видеоға түсіріп алған

полицияның арнайы жасағы 24 жастағы күдікті Нұралы Қиясовты кеше күндіз мәнерлеп сырғанаушыға шабуыл жасалған жерге алып келді.

Күдікті бір қолымен бет бейнесін камерадан жасырып, екінші қолымен спортшыға шабуыл қалай жасалғанын көрсетті.

Болжам бойынша, Қиясов пен оның сыбайласы көлігінің айнасын шешіп алған. Спортшы олардың үстінен түсіп, тонаушыларға кедергі жасамақ болады. Жанжал салдарынан мәнерлеп сырғанаушы жамбасынан пышақ жарақатын алыпты. Ол көп қан жоғалтып ауруханаға жатқызылды. Екі сағат өткен соң Тен көз жұмды.

Қазір екінші күдіктіні іздеп жатыр.

Денис Тен 25 жаста еді. Ол Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері, Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан олимпиада медаліне қол жеткізген жалғыз спортшы.

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті кім?

4247
Кілт сөздер:
тергеу амалдары, күдікті, қайғылы оқиға, қылмыс, Денис Тен, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті бұған дейін заң бұзған болып шықты
Загрузка...