(1:46 / 12.90Mb / )

Бәрі ІІМ реформасын қолдайды: халыққа қандай полиция керек?

179
(Жаңартылды 13:46 29.07.2018)
"Требуем реформу МВД РК" атты Facebook-тобында қатысушылар саны он мыңнан асып кеткен. Алматыдағы Денис Теннің өлімінен кейін бір апта ішінде осынша адам топқа мүше болды

Бір қызығы, қазақстандықтар мемлекеттік құрылымды өзара ұйымдасып өзгертпекші, жоғары жақтан ешқандай бастама көтерілген жоқ. Қоғам белсендісі Димаш Әлжанов – топ мүшелерінің бірі, ол топтың мақсаты не екенін және белсенді қатысушылардың реформадан кейін қандай полицияны көруді көздейтінін айтты.

Астанада 400 полицей автобазарларды тексеруге кірісті

Танымал мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда кісі қолынан қаза тапты. Күндіз сағат үш кезінде мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түседі. Спортшы олардың артынан қуып, арада жанжал туындап, автоұрылардың бірі Денистің жамбасына пышақ сұққан. Бір жарым сағаттан кейін Денис Тен көп қан жоғалтып ауруханада жан тапсырды.

Денис Теннің анасы қазақстандықтарға өтініш білдірді

Қазақстанның дарынды мәнерлеп сырғанаушысының автоұрылардың қолынан ажал құшуы қоғамның наразылығын тудырып, құқық қорғаушылар қатал сынға алынды.

179
Кілт сөздер:
Facebook, реформа, құқыққорғаушы, полиция, Ішкі істер министрлігі, Қалмұханбет Қасымов, Денис Тен, Астана, Алматы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Денис Теннің өліміне қатысы бар үшінші күдіктінің аты-жөні белгілі болды
Денис Теннің туыстары Алматы тұрғындарына үндеу тастады
Ауылдастары Денис Тенді өлтірді деген Арман Құдайбергенов туралы айтып берді
Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?
Денис Теннің өліміне қатысты тың деректер шықты

Астаналықтар COVID-ке қарсы вакцинаны салдыруға дайын ба - видео

222
(Жаңартылды 11:30 15.08.2020)
Бүгінде әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның көптеген нұсқасы сынақтан өтіп жатыр. Қазақстан да өз вакцинасын әзірлеуде

Сондай-ақ, халықаралық бағдарлама арқылы 3 миллионнан астам вакцинаны бірден жеткізуге келісім бар. Соның басым бөлігі тегін егіледі. Ал қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екпені салдыруға дайын ба? Sputnik Қазақстан тілшісі астаналықтардың COVID-ке қарсы вакцинаға қатысты ойын біліп қайтты.

"Чип" дей ме?

Астаналықтардың басым бөлігі коронавирусқа қарсы вакцинаны салғызбаймыз дейді. Біреулер оған сенбейді, енді біреулер коронавируспен ауырып шыққан. Сол себепті әзірше вакцинаны салғызудың пайдасы жоқ деп ойлайды. "Вакцинаның ішінде чип бар" дейтіндер де кездесті. Дегенмен, екпені салуға дайын адамдар бар.

"Егер бәрі тексерілсе, неге салдырмасқа? Салдыру керек. Өйткені көбісі ауырып жатыр ғой. Барлық мемлекет соны қолға алып жатыр. Мысалы, күні кеше ғана Ресейде табылды деп жаңалықтардан көрсетті. Шынымен де, көмегі болса, неге салдырмасқа? Салдырамыз бәріміз. Алла қаласа, емханаға барамыз да, салдырамыз", - дейді қала тұрғындарының бірі.

Бірақ қысқа уақыттың  ішінде шығарылған вакцинаға күдікпен қарайтын адамдар да бар.

"Мен өзім коронавирусқа қарсы вакцинаға сенбеймін. Өйткені қысқа уақыттың ішінде сапалы вакцинаны ойлап табу мүмкін емес. Оны алдымен жан-жақты тексеріп алу керек. Қазір фармокологияның өзінде клиникалық зерттеудің үш кезеңі бар. Оған да біраз уақыт кетеді. Ал жарты жылдың ішінде қандай вакцина жасап шығаруға болады? Өзім басым денсаулығыма қауіп төндіргім келмейді, - деді енді бірі.

Әке-шешесі үшін алаңдайтындар да жоқ емес. Сондықтан вакцина шыққан бойда оларға да салдыртамыз дейді. 

"Салдыртамын, әке-шешім бар. Олар – кәрі адамдар. Балаларым бар. Бірақ алдымен қараймын, қандай қарсы көрсетілім болады? Асқынуы бар ма? Оған да қарап көреміз", - дейді тағы бірі. 

Тегін вакцина кімге салынады?

Жақында Қазақстан COVAX Facility халықаралық бағдарламасына қосылды. Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 процентіне бірден жеткізіп береді. Осылайша, 3,6 миллион вакцина барлық мемлекетпен бірдей уақытта түседі.

Бүгінде вакцина тегін алатындардың нақты саны анықталды. Барлығы - 2 182 000 адам. Ішінде 65 жастан асқандар, жүрек-қан тамыр ауруы, қант диабеті және өкпенің обструктивті ауруы, созылмалы ауруы бар азаматтар бар. Медицина қызметкерлеріне де вакцина тегін салынады.

Қазақстанға келетін 3 миллионнан астам вакцинаның басым бөлігі тегін таратылса, қалғаны сатылады. Бағасы 4,2-8 мың теңгенің айналасында болады.

Айта кетейік, COVAX Facility бағдарламасына бірқатар халықаралық ұйым бастамашы болды. Олар – Иммунизация мен вакциналар жөніндегі жаһандық альянс (GAVI), Эпидемияларға дайындықты қамтамасыз ету саласындағы инновациялар үшін коалиция, (CEPI) және Дүниежүзілік денсаулық ұйымы. Сондай-ақ, вакцина өндірушілер мен халықаралық корпорациялар қолдау білдірді.

GAVI-мен келісім жасайтын мемлекеттер 31 тамызға дейін 15 проценттік алдын ала төлемді аударып беруі тиіс. Ал вакцина түскенде толық сома төленеді. Әзірше, Қазақстан қаржыны аудару туралы келісішартқа қол қойған жоқ.

222
Кілт сөздер:
видео, коронавирус
Тақырып бойынша
Путин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қызының жағдайы туралы айтты
Иммунолог коронавирусқа қарсы вакцина туралы ойын айтты
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина қашан тіркеуден өтетіні белгілі болды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады

108
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы егер Ресейдің тәлібтермен байланысы расталса, оның құны жоғары болатынын айтты

Бұл оқиға маусымда The New York Times басылымында шыққан мақаладан басталды. Америкалық газеттің авторлары Мәскеу АҚШ әскерилерін өлтіру үшін Ауғанстандағы террористерге ақша төлейді деп мәлімдеді. Алайда мақалада нақты дәлелдер болған жоқ. Тек аты аталмаған арнайы қызметтің ақпаратына негізделіп жазылған. Ресейдің сыртқы істер министрлігі The New York Times мақаласының жалған екенін айтып, АҚШ-тан дәлел келтіруін талап етті.

108
Нұр-Сұлтан, қала келбеті

Қазақстанда 16 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 16-20 тамыз аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

16 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Классика детям" - "Музыка рисует и показывает" концерті, "Астана Опера" театры (Трансляция tengri.tv-да).

19.00 – "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі ұжымының жазып алынған қойылымдары көрсетіледі (Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube каналында трансляцияланады).

17 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15.00 - экологиялық білім беру тақырыбында тікелей эфирде пікірталас өтеді. Іс-шараға Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев; ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева; білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ білім беру және экология саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.  

20 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
19.00 - "Тоска" операсы, "Астана Опера" театры (трансляция tengri.tv-да)

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0