(1:00 / 7.73Mb / )

Қытай дәмханасында мысықтар кассир болып жұмыс істеп жатыр видео

301
(Жаңартылды 10:57 31.07.2018)
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы дәмхананың қожайыны ерекше шешім қабылдады: клиенттерден ақыны үй жануарлары қабылдап жатыр

Барлық мысыққа QR-кодтары бар майка кигізілген, қонақтар оны смартфонның көмегімен сканерлеп, тамақ пен сусынның ақысын төлейді.  

"Басында біздің дәмханада тек бір қызметкер болды. Ол тапсырыстарды қабылдап, кофе қайнатып, мысықтарға күтім жасайтын. Оның мүлде қолы тимейтін", — дейді ерекше қызмет көрсететін мекеменің қожайыны Луо Ань.

Келушілер QR-код арқылы әрбір жануар туралы толығырақ біліп, олардан тағам сатып ала алады. 

301
Кілт сөздер:
кассир, мысықтар, дәмхана, Қытай

Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг

26
(Жаңартылды 17:06 28.05.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте қазақстандықтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қызметтерді одан әрі жаңарту және автоматтандыру жоспарлары, пошта бөлімшелері карантин кезінде келушілерді қалай қабылдағаны, қауіпсіздік пен қызметті жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалғаны жайлы айтты.

Карантин кезінде "Қазпошта" АҚ жұмысын жалғастырды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек төлеу үшін виртуалды карталар шығарды.

Өңірлерде жедел әрекет ету штабы құрылды, көптеген қызмет онлайнға ауыстырылды, байланыссыз жеткізу әдістері ұйымдастырылды.  

26
Кілт сөздер:
онлайн режим, "Қазпошта"

Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан ұлттық кеңестің отырысы видеотрансляция

668
(Жаңартылды 11:29 27.05.2020)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын онлайн форматта өткізіп жатыр. Толығырақ тікелей эфирден көріңіздер

Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин бұған дейін хабарлағандай, ұлттық кеңес мүшелері Қазақстандағы адам капиталын дамыту және білім беру мәселелерін талқылайды.

"Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, басқа аймақтардан қосылу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша, алдағы отырыс адам капиталын дамытуға арналады. Атап айтқанда, білім беру саласын дамыту мәселелері қаралады", - деп жазды Қарин Telegram каналында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қызметіне кіріскеннен кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастама көтерді. Маусымда кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев ұлттық кеңестің мүшелері неге ауысқанын түсіндірді

Тоқаев атап өткендей, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог құру үшін құрылды.

Кеңестің бірінші отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте, екінші отырысы 20 желтоқсанда өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – қоғам, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылау.

Ұлттық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен саясаттанушылар кірді. Кеңесті мемлекет басшысы басқарады. 

668
Кілт сөздер:
білім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тоқаев билік кез келген оң өзгерістерге дайын екенін мәлімдеді
"Билік тізгінін соларға тапсырамыз": Тоқаев кеңес отырысында маңызды мәселені көтерді
Қазақстанда парламенттік оппозиция институты пайда болады
Аз ба, көп пе: Тоқаев жарты жылда не тындырып үлгерді?
"Мен ондай адам емеспін": Арман Шораев ұлттық кеңестен неге кеткенін айтты
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады