Видео

Полицейлер жанып жатқан көліктен жолаушыны шығарып алды – видео

Жазылу
Америкалық тәртіп сақшылары өмірін қатерге тігіп, жанып жатқан автокөліктен жолаушыны құтқарып қалды

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Бірнеше адам мінген көлік бағанға соғылып, кенеттен өрт шыққан. Оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

Апат орнына келген полицейлер жедел әрекет еткен: олар жылдам есікті ашып, жалын шарпыған көліктен жолаушыны шығарып алады. 

Өзге екі жолаушыға сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілер көмектескен. 

Зардап шегушілердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Оқиға таяуда Атлантада болған.  


Жаңалықтар
0