(1:03 / 8.56Mb / )

Семей полигонында 65 жыл бұрын алғашқы сутек бомбасының сынағы өтті - видео

186
(Жаңартылды 09:38 16.08.2018)
Алпыс бес жыл бұрын 1953 жылы 12 тамызда Семей полигонында алғашқы сутек бомбасы сынақтан өткізілді. Бұл кеңес ядролық қаруының төртінші сынағы еді.

Бомбаның қуаты 400 килотонна болды, бұл АҚШ пен КСРО-ның алғашқы атом бомбаларынан 20 есе көп.

Жаңа бомбаның талқандаушы күшін бағалау үшін Семей полигонында өнеркәсіп және әкімшілік ғимараттарынан тұратын қала салынды. Барлығы 190 түрлі ғимарат тұрғызылды. Сынақ өткізілетін жерге барлық әскер түрінің әскери техникасын жеткізілді. Сынақ барысында төрт километрге дейінгі радиустағы барлық ғимарат жойылды.

Жарылыстың экологиялық салдары сұмдық болды: бірінші сынақтың үлесіне стронций-90-ның 82%-ы және цезий-137-нің 75%-ы келеді.

186
Кілт сөздер:
ядролық сынақ, бомба, жарылыс, семей полигоны, Семей
Тақырып бойынша
Трамп АҚШ-тың Солтүстік Кореяға қарсы ядролық қару қолдануға дайын екендігін мәлімдеді
Семейде ер адам бес жасар қызды мазасын алғаны үшін айуандықпен өлтірген
Семейде төпелеп жауған ірі бұршақ тұрғындарды шошытты – видео
Семейде қоғамдық көлікте киімін жыртып алған әйел сотқа шағым түсірді
Семейде ХҚКО-дан шыққан ер адам жоғалып кетті