Видео

Меккеде қатты дауыл тұрды - видео

Жазылу
Жексенбі күні Меккеде қажылық кезінде дауыл тұрып, жұртты әуреге салды

Қажылық күндерінің бірінде Меккеде құмды дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауды.

РИА Новости мәліметінше, қатты жауған жаңбыр мен жел салдарынан қоқыс бактары, жол жиегіндегі белгілер және пластик қоршаулар ұшқан.

Құрбан айт намазының уақыты белгілі болды

Дәл осындай қолайсыз ауа райы салдарынан Меккенің өзінде және қала маңында қозғалыс қиындай түсті. Қажылыққа келген адамдар дүрбелеңге салынып, қорыққан жоқ.

Желіде пайда болған видеодан Қағбадағы жабынды мен келушілердің үстінде тұрған палаткаларды ұшырып бара жатқанын көруге болады.

Қажылық етушілер ауа райының қолайсыздығы салдарынан Меккенің жанындағы Мина аймағына кетулеріне тура келді.

Дүйсенбі күн шыққан соң олар Арафат тауына барып, қажылықтарын жалғастырады. Қазақстаннан бұл жылы қажылыққа 3 мың адам кетті.

Жаңалықтар
0