Иесінің қазасына қайғырып жүрген мысық жұрттың көңілін босатты - видео

1185
(Жаңартылды 20:17 12.09.2018)
Мысықтың марқұм иесі түскен видеоны көргендегі кейпі желі қолданушыларының көзіне жас алғызды

Иесі қайтыс болғаннан кейін жануарлар қандай күй кешеді? Бұл мысық үй жануарларының да адам сияқты аза тұтатынын көрсетті.

Facebook-те Engin Yilmaz жариялаған видеоны бір аптаға толмайтын уақыт ішінде 36 миллион адам көрген.

Алматы тұрғыны мысықтардың басын кесіп, видеоға түсірді

Кадрларда сары мысық марқұм иесі түскен видеоны көріп отыр. Мысық бір сәтке экранға үңіліп қарайды да, тұмсығын смартфонға төсейді.

Ролик алғашқы күннен интернетте жылдам тарап, әртүрлі әлеуметтік желілерге салынды, қолданушылар мессенджер арқылы бір-біріне жолдап жатыр.

Пікірлерде бұл видеоның ең бір аянышты екенін айтып, мысықтың адалдығына таңғалып жатқандар бар, кейбір көңілшектер тіпті көзіне жас алыпты.

Ер адам мысық өлтіргені үшін сотталып кетті

1185
Кілт сөздер:
қаза, әлемде, жануарлар әлемі, мысық, видео
Тақырып бойынша
Адам кейіпті мысық Желіні шулатты - видео
Сұхбат кезінде "әдепсіз" мысық иесінің басына шығып алды
Мынау тұрған мысық, екі көзін қысып...
Загрузка...