Головкиннің жеңілісін көрген кішкентай фанаттары ағыл-тегіл жылады видео

1690
(Жаңартылды 14:13 22.09.2018)
Головкиннің шын берілген жанкүйерлерінің жеңілістен кейін жылап отырған видеосы Желіде жылдам таралып жатыр

Қазақстандықтар бұл видеоны бір-біріне таратып, әлеуметтік желіде жариялап, жексенбі күні таңертең дәл сондай күйде болғандарын жеткізуде.

Видеода балалар жекпе-жектің телетрансляциясын қарап отыр, Геннадий Головкиннің жеңілгенін естігенде, жылай бастайды.

"Апырай, ағыл-тегіл жылап отыр. Оларға қарап өзім де жылап жібердім", — деп жазады zaure_123456. 

"Бар ақшаңды Гена жеңеді деп тіккенде", — деп әзілдеді axe_bb.

"Жыламаңдар, балалар! Генаға бәрі бір ешкім жетпейді", — деп балаларды жұбатты gylmiratoksanbaeva.

Бұл видеоны кім және қай қалада түсіргені белгісіз.

1690
Кілт сөздер:
балалар, видео, фанаттар, Геннадий Головкин
Тақырып бойынша
"Өзімді әлі де чемпион санаймын". Головкин жеңілісті қалай қабылдағанын айтты
Головкин кәсіби бокста алғаш рет жеңіліс тапты
Головкин "Канеломен" жұдырықтасқаны үшін қанша гонорар алады?
"Сіз нағыз чемпионсыз!". Димаш Головкинге қолдау білдірді
Загрузка...