Зілзала екі ауданды тып-типыл етті: екі мыңға тарта адам өлді видео

3290
(Жаңартылды 10:54 09.10.2018)
Индонезияның Палу қаласында екі аудан жермен-жексен болды. Апат ғарыштан видеоға түсірілді

28 қыркүйекте Индонезия провинцияларының бірінде бірнеше рет жер сілкінісі болды. Табиғи апат топырақтың ығысуына себеп болды. Лай көшкіні ғимараттарды, көліктер мен ағаштарды жылдам ағызып әкетті. 

Жер сілкінісінен бірнеше мың адам қаза болды. Табиғи апаттан кейін он күн өткен соң, құтқарушылар үйінді астынан 1 793 адамның денесін шығарды. Бес мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кетті. 

Билік іздестіру жұмыстарын тоқтатпақшы, себебі құрбандар санының көп болуына байланысты жұқпалы аурулардың таралу қаупі туындаған. Марқұмдардың мәйіттері жатуы мүмкін аймақты жаппай жерлеу орындары деп жариялау ұсынылып отыр.   

3290
Кілт сөздер:
зілзала, жер сілкінісі, Индонезия
Тақырып бойынша
Алматыдан 132 километр жерде жер сілкінісі болды
Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды: қаза тапқандар бар
Жер сілкінісінен 40-қа жуық адам зардап шекті
Алматы тұрғындары Қытайдағы жер сілкінісін сезді
Загрузка...