Видео

Алып егеуқұйрық мысыққа таяқ жегізді - видео

Жазылу
Нью-Йорк тұрғыны ірі денелі егеуқұйрықты видеоға түсіріп алған

Видеода алып кеміргіш мысықтан қорықпай тайталасты. Бір қызығы, мысық егеуқұйрықтан гөрі айтарлықтай үлкен емес.

Мысықтың жанынан өтіп бара жатқан егеуқұйрық біраз тоқтап, көз алмай бақылап тұрды. Содан соң, артқы аяғына тұрып, мысықтың басынан салып жіберді. Ал мысық оған болар-болмас жауап қатқан.

Осы жекпе-жекте кеміргіш жеңіске жетіп, мысықты қуып жіберді. Видео болжам бойынша Нью-Йоркте түсірілген.

Жаңалықтар
0