Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты - видео

2243
(Жаңартылды 12:32 18.10.2018)
Ресей президенті Владимир Путин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Кездесуде файтердің әкесі әрі бапкері Абдулманал Нурмагомедов те болған. Бұл туралы Ресей Федерациясы басшының баспасөз қызметі хабарлады

"Жеңісіңмен құттықтаймын. Әкеңді осындай ұл өсіріп, мықты спортшы етіп тәрбиелегені үшін құттықтағым келеді", — деді Путин.

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі чемпион кішкентай кезінде "бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін" айтты.

Путин ресейлік аралас жекпе-жек шеберінің Макгрегорды жеңгеннен кейін төбелес шығарғанына қатысты пікір айтты.

"Әлбетте, бұл – коммерциялық спорт, дегенмен спорттың аты спорт. Сондықтан мұнда да қағазға жазылған ғана емес, жалпы спорттық моральдық ережелердің сақталғаны жөн деп санаймын, — дейді Владимир Путин. — Ақшадан гөрі, жарнамадан гөрі спорттың шын идеалы басты орында болса деген үміттемін. Әрине, мұны бірінші кезекте қарсыласыңның командасына қатысты айтамын. Дұрыс қарым-қатынасқа, достыққа, спорттық сыйластыққа жол таба білген жөн (…). Өз қарсыластарыңмен бәсекелес болсаң да, жақсы адами қарым-қатынас жасайтын боласың".

Сонымен қатар, Путин әкесінен Хабибті қатты жазаламауды сұрады, өйткені спортшы басты мақсатты орындады – тайталасқан жекпе-жекте жеңіске жетті.

2243
Кілт сөздер:
UFC, видео, жекпе-жек, төбелес, Хабиб Нурмагомедов, Владимир Путин
Тақырып:
"Нурмагомедов - Макгрегор" жекпе-жегі (18)
Тақырып бойынша
Хабиб Нурмагомедовтің құпия өмірі – чемпион нені жасырып жүр?
Ресейлік Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атанды
Нурмагомедов пен Макгрегор фанаттары төбелесінің видеосы жарияланды
Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі төбелеспен аяқталды - видео
МакГрегор мен Нурмагомедов салмақ өлшеу кезінде төбелесіп қала жаздады - видео
Загрузка...