Видео

"Дөкей" тотықұс кенгуруды аш қалдырды – күлкілі видео

Жазылу
Австралияның қорықтарының бірінде өте батыл, ештеңеден тайсалмайтын тотықұс өмір сүреді, ол тіпті кенгурулардың да тамағын тартып алатын көрінеді

Қорықта мекендейтін аңдар өміріндегі сондай қызықты оқиғалардың бірі видеоға түсіп қалыпты. Кенгурулар асықпай тамақтанғалы жатқанда, тотықұстың келіп қалмасы бар ма!

Қарны ашқан тотықұс кенгурулар тамақ ішіп жатқан ыдысқа бірден бас қойды. Бірақ қанатты тіршілік иесі қоректі кенгурулармен бөліскісі келмеген сыңайлы.

Момын жануарларды тұмсығымен шұқып-шұқып алған ол кенгуруларды қуып жіберіп, асықпай ас ішуге кірісті.

Жаңалықтар
0