(1:04 / 8.91Mb / )

Тәп-тәтті арулар: шоколадтан жасалған көйлектердің сән көрсетілімі - видео

191
(Жаңартылды 17:00 04.11.2018)
Парижде шоколадтан жасалған киім-кешектерді көпшілікке таныстырған сән апталығы өз мәресіне жетті. Мұндай ерекше көйлектерді модельдер ғана емес, танымал жұлдыздар да киіп көрді. "Сәнқой қыздар" тәтті киімді киіп жүру қаншалықты ыңғайлы екенін айтып, алған әсерлерімен бөліскен

Salon du Chocolat шарасына әлемдегі ең ірі шоколад өндірушілер қатысып, қонақтарға өнімдерін ұсынды.


191
Кілт сөздер:
видео, модель, шоколад, киім-кешек, сән көрсетілімі, Париж
Тақырып бойынша
Жеген сайын адамды бақытты ететін 7 тағам
Рамзан Қадыровтың қызы ерекше сән топтамасын ұсынды
Парижде ергежейлі модельдердің қатысуымен сән көрсетілімі өтті

Лавров Батысты коронавирус індетін өз мақсатына пайдаланғаны үшін сынады видео

29
Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров батыс елдерінің коронавирус пандемиясына көзқарасын сынға алды

Сыртқы істер министрі қытайлық Global Times газетіне арналған мақалада жазғандай, олар өздері қырын қарайтын үкіметтерді жазалау үшін жағдайды пайдаланып қалуға тырысуда, індеттен зардап шеккен елдерге Ресейден гуманитарлық көмек алуға тыйым салып отыр.

Бірақ Батыстың өзі коронавируспен күрес мәселесінде ізгілік қағидаттарына сүйенуге асықпайды.

Батыс елдерінің екіжақты стандарттары туралы толығырақ – біздің видеода.

29
Кілт сөздер:
коронавирус, Ресей

Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг

34
(Жаңартылды 17:06 28.05.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте қазақстандықтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қызметтерді одан әрі жаңарту және автоматтандыру жоспарлары, пошта бөлімшелері карантин кезінде келушілерді қалай қабылдағаны, қауіпсіздік пен қызметті жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалғаны жайлы айтты.

Карантин кезінде "Қазпошта" АҚ жұмысын жалғастырды. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды үйге жеткізіп, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге әлеуметтік көмек төлеу үшін виртуалды карталар шығарды.

Өңірлерде жедел әрекет ету штабы құрылды, көптеген қызмет онлайнға ауыстырылды, байланыссыз жеткізу әдістері ұйымдастырылды.  

34
Кілт сөздер:
онлайн режим, "Қазпошта"
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0