Теңіз тұңғиығындағы 8 метрлік алып "құрт" сүңгуірлердің зәресін алды - видео

421
(Жаңартылды 11:50 19.11.2018)
Жаңа Зеландия сүңгуірлері алып денелі таңғажайып теңіз жәндігін видеоға түсіріп алды. Олар бұрын соңды мұндай тіршілік иесін көрмепті!

Дайверлер сипаттап бергендей, таңғажайып теңіз "құбыжығы" алып құртқа ұқсайды. Жәндіктің іші қуыс, ал ұзындығы сегіз метрге жетеді.

Ал ғалымдардың айтуынша, бұл ешқандай да "құбыжық" емес, пиросомалар тобы. Олар бір-бірімен қосылып, ұзын "құрт" тәріздес кейіпке енеді, тек тропикалық және экваторлық теңіз суларында ғана кездеседі.

421
Кілт сөздер:
жануарлар әлемі, видео, құбыжық, теңіз
Тақырып бойынша
Теңіз жағалауынан сабалақ жүнді "құбыжық" табылды - видео
Белгісіз құбыжық тұрғындардың зәресін алды – жантүршігерлік видео
Загрузка...