Видео

Көлік жарысында қатысушы қыз қатты жылдамдықпен трассадан ұшып кетті – қорқынышты видео

Жазылу
"Формула-3" көлік жарысына қатысушы неміс қызы София Флерш ауруханаға жеткізілді, жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылған

Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы "Формула-3" Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады.

Момышұлындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апатына түскен көлік бірнеше метрге ұшып кетті

Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.

Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған, деп жазады Р-Спорт халықаралық автомобиль федерациясына сілтеме жасап.

Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған.

Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін "Формула-1" чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.

Жаңалықтар
0