Видео

ММА файтері рингте жеңісін тойлап жатқанда күтпеген оқиға болды – видео

Жазылу
Ұлыбританияық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Джек Калшоу Almighty Fighting Championship 10 турнирінде Зак Эдвардсты бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Жекпе-жек тоқтатылды, ал Калшоу қуанғаннан сегізбұрыштың торына шығып кетіп, одан секіріп түскенде, аяғын қатты жарақаттап алды. Британиялыққа медициналық көмек көрсетілді.

MMA Fighting енді Джек Калшоуға желтоқсан айының басында өтуі тиіс жекпе-жектен бас тартуға тура келетінін мәлімдеді.  


Жаңалықтар
0