Акула адамның басынан тістеп алды қорқынышты видео

775
(Жаңартылды 17:05 05.12.2018)
Ер адамды бас салған жыртқыш алып балық соңғы сәтте қоя берді

Жантүршігерлік видеода теңіз асты жыртқышы 29 жастағы дайвердің арт жағынан жүзіп келіп, басынан тістеп алды. Жеңіл костюм жігітті акуланың өткір тісінен қорғай алмас еді, алайда алып балық оны тез қоя берген.

Бір ғана секундта дайвер бассүйек-ми жарақатын алыпты. 

Жігіттің айтуынша, акула арт жағынан бас салғанда"қырт" еткен дыбысты естіген.

Оқиға Багам аралдарының жағалауында болды.

775
Кілт сөздер:
видео, шабуыл, акула
Тақырып бойынша
Акула, 365 видео, компьютерлік ойын: жігіттер сүйіктісіне жасаған ең ерекше ұсыныстар
Балықшылар үлкен ақ акуланың шабуылын видеоға түсіріп алды

АҚШ Сириядағы жағдайға Ресей мен Иранды айыптады

143
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Келли Крафт америкалықтар Сирияға көмек көрсету үшін миллиардтаған доллар жұмсап жатқанда, Мәскеу мен Тегеранның "қолы қанға боялған" деп мәлімдеді

Осылайша, ол Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Василий Небензяның АҚШ Сирия мұнай кен орындарын пайдаланып жатыр деген сынына жауап берді. Ресей Сирия мұнайының заңсыз саудасы мәселесін бірнеше рет көтерді, осыған байланысты Мәскеу мен Тегеран бірнеше рет дәлел келтірген еді.

143

Пентагон басшысы АҚШ әскерінің Германиядан шығарылатынын мәлімдеді

90
Вашингтонда өткен баспасөз конференциясында Пентагон басшысы Марк Эспер АҚШ Германиядағы әскерилердің санын азайтатынын мәлімдеді

Қорғаныс министрінің айтуынша, жақын арада Германиядан шамамен 12 000 әскер шығарылады. Олардың 6 мыңнан астамы елге оралады, ал қалғаны Еуропаның басқа елдеріне, атап айтқанда Италия мен Бельгияға жіберіледі. Германиядан әскерді шығару туралы жоспарды АҚШ президенті Дональд Трамп осы жылдың маусым айында айтты. Ол өзінің бұл шешімін НАТО-ның бұйрығына қарамастан Берлиннің қорғаныс шығындарын көбейтуге құлықсыздығымен түсіндірді.

90
ПТР-зертхана, Нұр-Сұлтан

Өткен тәулікте 980 адамнан коронавирус табылды

11
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 96 922 адамға жетті. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 980 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлады  COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 502 тасымалдаушы тіркелді.

Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 186 / 75,
  • Алматы қаласы - 175 / 111,
  • Шымкент қаласы - 26 / 15,
  • Ақмола облысы - 31 / 19,
  • Ақтөбе облысы - 2 / 0,
  • Алматы облысы - 46 / 36,
  • Атырау облысы - 44 / 41,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 92 / 29,
  • Жамбыл облысы - 40 / 20,
  • Батыс Қазақстан облысы - 58 / 22,
  • Қарағанды облысы - 85 / 35,
  • Қостанай облысы - 35 / 8,
  • Қызылорда облысы - 33 / 18,
  • Маңғыстау облысы - 33 / 28,
  • Павлодар облысы - 22 / 6,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 45 / 22,
  • Түркістан облысы - 27 / 17.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 96 922. Індеттен 70 680 адам жазылып шықты, 1058 адам көз жұмды.

11
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады
Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Ордабасы ауданында коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 50 адам көз жұмды