Видео

Астанада Димаш Құдайберген мен Алина Сансызбай бірге ән шырқады – видео

Жазылу
Дарынды әншілер Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты қабылдауда We Are the World әнін орындады

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мен Ресейдің "Голос. Дети" жобасының финалисі Алина Сансызбай Астанада Тәуелсіздік күніне орай өткен қабылдауда We Are the World әнін шырқады.

YouTube желісінде жарияланған видеоны бес мыңнан астам адам тамашалап, ондаған пікір қалдырған.

"Видео салғандарыңызға рахмет, тікелей эфирді көре алмадым. Димашты көріп, тыңдасаң, қашанда марқайып қаласың", - деп жазды Желі қолданушысы Kathrine Pani.

© Photo : ҚР президентінің ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев дарынды әншілер Димаш Құдайберген және Алина Сансызбаймен бірге
Нұрсұлтан Назарбаев дарынды әншілер Димаш Құдайберген және Алина Сансызбаймен бірге - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев дарынды әншілер Димаш Құдайберген және Алина Сансызбаймен бірге

"Димашпен бірге сахнада өнер көрсеткен мына қыз бен басқа балалар қандай бақытты", - дейді Flower Rose.

"Керемет қойылым, дауыстары сондай үйлесімді!!! Тамаша!!!" – деп жазды қолданушы Saule Abz.

Атап өтсек, We Are the World әнін Майкл Джексон мен Лайонел Ричи жазған еді.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Димаш Құдайберген Шанхайдағы The Silk Road Cohesion Awards-2018 фестивалінде "Жыл әншісі" атағын иеленді.

Жаңалықтар
0