Әкесі байқамай теріс киіндірген қыз желіде жұлдыз болды күлкілі видео

5755
(Жаңартылды 10:40 14.01.2019)
Балабақшадағы жаңажылдық ертеңгілікте қызық оқиға болды. Ер адам мерекеде би билеген қызына кокошникті (орыс әйелдерінің бас киімі – ескерт.) теріс кигізіп қойған. Не болғанын қараңызшы...

Бейнероликте сәнді киінген балалар биді жап-жақсы билеп жатқаны көрінеді. Дегенмен қыздардың бірінің бас киімі қайта-қайта түсіп кете береді. Әкесі кигізген бас киім әдемі тәжден үнемі түзетуге тура келетін күлкілі "күнқағарға" айналып шыға келген. Алайда қыз еш саспай, жаңа жылдық биін сенімді түрде әрі ынта-шынтасымен жалғастырады.

Қызық видеоны қыздың әкесі Владимир Семенов жариялады.

"Балабақшадағы жаңажылдық ертеңгілік, мен қызыма кокошникті теріс кигізіп қойыппын. Не болғанын қараңыз", — деп жазды ол.

Автордың айтуынша, бұл видеоны олар отбасымен бірге көріп, шегі түйілгенше күлген.    


5755
Кілт сөздер:
жаңа жыл, балабақша, видео, балалар
Тақырып бойынша
Балабақша тәрбиешісі 6 жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды
Оралда балабақша медбикесінің туберкулезге шалдыққаны анықталды
Вице-министр: еліміздегі барлық балабақшаға камера орнатылады
Загрузка...