Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры жұмыстан қуылуы мүмкін видео

9069
(Жаңартылды 19:32 25.01.2019)
Мектеп директоры дене шынықтыру сабағы кезінде билей жөнелді, енді жұмыстан шығып қалуы мүмкін

Қытайдың солтүстігінде жергілікті мектептердің бірінің директоры Чжан Пэнфэй мемлекет бекіткен күнделікті гимнастикалық жаттығу бағдарламасын бұзды. 40 жастағы директор оқушылар мен ұстаздар арасында би билеуді насихаттаған.

Ер адамның айтуынша, мектепте күнде өтетін қарапайым гимнастика балаларды зеріктіріп жібереді. Күнделікті жеңіл жаттығуларды қайталай берген қызықсыз. Сондықтан мектепте желтоқсан айынан бастап гимнастика орнына жаңа бағдарлама енгізіліпті, деп жазады South China Morning Post.

Сөйтіп, 40 жастағы мектеп директоры мен ұстаздар би үйреніп, балалармен бірге билей бастайды.

Видеода мектеп директоры мұғалімдер және оқушылармен бірге ырғақты музыкаға керемет би билеп жатыр.

Ал желі қолданушылары мектеп директорын бұл әрекеті үшін жұмыстан шығара ма деп қорқады.

Қытайда гимнастика жаттығуы 1951 жылдан бастап бүкіл мектепте енгізілген. Полицейлер оқтын-оқтын білім ордаларын аралап, тәртіптің сақталуын қадағалайды.

9069
Кілт сөздер:
би билеу, мектеп директоры, оқушылар, видео, Қытай
Тақырып бойынша
Танымал әзілкеш көшеде би биледі – видео
Күзгі аспанда мыңдаған құс топтасып би биледі - видео
Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
Оралда ер адам жол үстіндегі биікке шығып, би биледі
Талдықорғанда ескерткіштің жанында әдепсіз би билеген қыздар ұсталды
Жаңаөзенде жолдың ортасында би билеген Аяз Ата табылды
Экстремалдар шыңырау үстінде арқанмен жүріп, би биледі
Қазақстандық биші халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері атанды
Атыраулық дарынды қыз Мәскеуде өтіп жатқан би байқауына қатысып жатыр
Загрузка...