Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды видео

3344
Қанатты жыртқыш кішкентай йоркті (йорк – иттің тұқымы) көргенде оңай олжаға кенелдім деп қуанып кетсе керек, бірақ оған иттің иесі табанды қарсылық көрсетіп, кедергі келтірді

Қаршығаның итке тап бергені жайлы қорқынышты оқиға сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған.

Финляндия ормандарында қоңыр аюлар айқасты — видео

Видеодан жыртқыш құс кішкентай йоркке бас салып, сүйреп әкеткелі жатқанын байқауға болады. Осы кезде үй жануарының иесі иттің үрген дауысын естіп, жүгіріп келеді. Ол жыртқыш итті тырнағымен іліп алғанын көріп, оған қарсылық көрсетіп, қаршығаны бірнеше рет жастықпен ұрады. Содан кейін ғана құс тырнағын ашып, дереу кетіп қалады.

Ролик кейіпкері ит тірі қалғанын және жарақат алмағанын айтты, деп хабарлады YouTube-тегі Viralhog арнасы.

3344
Кілт сөздер:
жыртқыш, ит, видео
Тақырып бойынша
Жаңа туған екі тұмсықты құбыжық бұзау иесін есеңгіретіп қойды – видео
Төрт көз, екі ауыз: Қытайда екі басты бұзау дүниеге келді (фото)
Бидің түбін түсірген ит жұртты ду күлдірді – қызық видео
Загрузка...