Видео

Желіде Пәкістан атып түсірген үнді ұшағы құлаған жерден видео жарияланды

Жазылу
Видеодан ұшақтың түтіндеп жатқан сынықтарын көруге болады. Оқиға орнын әскери қызметкерлер қоршап алған

Пәкістан әскері әуе кеңістігін бұзған Үндістан әуе күштерінің екі ұшағын атып құлатқанын мәлімдеген еді. Ұшқыштар аман қалды, бірақ олар тұтқындалған. Олардың бірі жараланып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға Үндістан авиациясы сейсенбіге қараған түні Кашмирдің Пәкістан бөлігінде "Джаиш-е-Мухаммед" лаңкестік тобы содырларының ірі жаттығу лагеріне соққы жасағаннан кейін болған, деп хабарлады РИА Новости.

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды саяси-дипломатиялық диалог құруға шақырды

Оқиға салдарынан қазақстандық Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Дели әуежайында кідіруге мәжбүр болды. Кейінірек ұшқыштар бағытты өзгертетіні анықталды: олар Маскат әуежайына (Оман королдігі) қонып, жанармай құйып алғаннан кейін Алматыға жолға ұшпақ.

Алматы - Дели - Алматы бағыты бойынша тағы екі рейс тоқтатылды.

Жаңалықтар
0