Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео

895
Оқиға Түркияның оңтүстігіндегі Османие қаласында болған

Жағажайдағы күн шатырын ұстап тұрған ер адам шатырмен бірге ұшып кетті, деп хабарлайды The Independent.

Қатты жел үйлердің шатырын ұшырды

Садык Коджадалли есімді ер адам дауыл кезінде күннен қорғайтын шатырды ұстап қалмақ болған. Алайда жойқын жел шатырмен бірге оның өзін де 3-4 метр биіктікке көтерді. Оған екі досы көмекке келіпті.

Дауыл тұрғындардың зәресін алды

"Шатырмен бірге биіктеп бара жатқанымды түсінгенде, секіріп түстім", - дейді Коджадалли.

Ер адам  зардап шеккен жоқ. Алайда шатыр өзге адамның үстіне құлады. Ол есінен танып қалған. Аяғы мен бірнеше қабырғасы сынды.

895
Кілт сөздер:
дауыл, ауа райы, жел ұшырды, шатыр
Тақырып бойынша
Жойқын дауыл Қытай мен Филиппиннің астаң-кестеңін шығарды: қорқынышты фотолар
АҚШ-та дауыл кезінде жұмбақ елес видеоға түсіп қалды
Аптап ыстық, нөсер жаңбыр, дауыл: 5 облыста дабылды ескерту жарияланды
Меккеде қатты дауыл тұрды - видео
Загрузка...