Димаш пен Мария Мудряк: Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты - видео

1094
(Жаңартылды 19:13 15.04.2019)
Өзбекстанда Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімі басталды. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қатысып жатыр

Мерекелік концертте қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетеді. Кеше ол Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысу үшін Ташкентке арнайы барған еді. Сондай-ақ өзбекстандықтар әлемге әйгілі қазақстандық опера әншісі Мария Мудряктың өнерін тамашлайды. 

Кеш жүргізушілері – отандық өнер жұлдыздары Тәуекел Мүслім мен Кәмшат Жолдыбаева.

Айта кетсек, 14 сәуір күні Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Ташкентке барған еді.

1094
Кілт сөздер:
Димаш Құдайберген, Шавкат Мирзиёев, Тәуекел Мүсілім, Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген Өзбекстандағы тыңдармандарын таңғалдырды – видео
Тоқаев пен Мирзиёев бірлескен мәлімдеме жасады
Тоқаев Мирзиёевке: Біз Өзбекстанның дамуын зор қызығушылықпен бақылап отырамыз
Димаш Алла Пугачеваның концертінде ән айтты – видео
Тоқаев Өзбекстан президенті жайлы не ойлайтынын ашық айтты 
Нұрлан Өнербаев Димаш туралы ойын ашық айтты

АҚШ қандай соғысқа дайындалып жатыр - видео

411
АҚШ ӘӘК штабының жаңа басшысы Чарльз Браун өзінің ең алғашқы баяндамасында америкалықтардың үлкен соғысқа дайындалуы қажеттігін мәлімдеген еді

Бұл соғыс өзінің территориясында болуы да ғажап емес. Шенеуніктің пікірінше, АҚШ күш-қуаты өзімен тең келетін ірі державамен қақтығысып қалуы, ал үлкен шығындарға алып келетін текетірес ауқымы жағынан Екінші дүниежүзілік соғыстан да асып түсуі мүмкін.

Сонымен, Браун қарсылас ретінде Ресей мен Қытайды атады және олардың әскери әлеуетінің уақыт өткен сайын қарқын алып келе жатқанын жеткізді. Осы ретте генерал сын-қатерді мейлінше азайту үшін қорғаныс саласын қаржыландыруды кезекті мәрте өсіруді ұсынды.

411

"Тау судай ағып жатыр": Қырғызстандағы ірі көшкіннің видеосы таралып жатыр

2335
Қырғызстанның Нарын облысындағы Қара-Кече көмір кенінде ірі топырақ көшкіні салдарынан тау опырылып қалды

Желіде тараған видеодан таудан ірі көлемде сырғыма түскенін көруге болады. Көшкіннің қатты болғаны сонша, тау төбесіндегі тастар да кұлаған.  

"Сай толып кетті. Міне, Диқанға баратын жол, 37-ші шақырым. Тау судай ағып жатыр", - дейді автор.   

Көлік және жолдар министрлігі оқиғаның Диқан — Қара-Кече тасжолының 37-ші шақырымында болғанын растады.

"Таудан түскен массаның көлемі шамамен 900 мың текше метр болды. Ол электр желілерін бұзып, Қара-Кече өзенінің арнасы мен жолды жауып тастады", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде үкімет басшысының тапсырмасы бойынша апаттың салдарын жою жұмыстары басталды. Азаматтық қорғаныс жөніндегі комиссияның шешімімен тасжол жабылды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.

2335
Кілт сөздер:
Қырғызстан, тау көшкіні
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0