Видео

Украинада президент сайлауының екінші туры басталды – онлайн-трансляция

Жазылу
Украинада президент сайлауының екінші туры басталды. Мемлекет басшысы лауазымына қазіргі президент Петр Порошенко мен сықақшы Владимир Зеленский үміткер болып отыр

Украинаның сайлау учаскелері таңғы 8-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Украинадағы сайлау: шетелде дауыс беру

Сайлау учаскелері шетелде де қызмет етеді. Украина азаматтары әлемнің 71 елінде дауыс бере алады.

Жаңа Зеландия мен Австралияда тұратын азаматтар бірінші болып кандидаттарға дауыс береді.

Украиндағы сайлау: бірінші турдың қорытындысы

Айта кетсек, Ресейде шетелдік сайлау учаскелері ашылған жоқ.

Порошенко соңғы бес жыл Украинаның басшысы болды. Ал Владимир Зеленскийдің саясатта ешқандай тәжірибесі жоқ.

Бірінші турдың нәтижесі

31 наурызда Украинада президент сайлауының бірінші туры өтті. Зеленский 30,24% дауыс жинап, көш бастады. Порошенко  азаматтардың 15,95% қолдауына ие болды.

Жаңалықтар
0